Астанада бір жыл бойы жоқ пәтерлерді «жалға беріп» келген ер адам ұсталды

Фото: inbusiness.kz

Жаңалықтар
568

Астанада бір жыл бойы жоқ пәтерлерді «жалға беріп» келген 21 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жас жігіт танымал интернет-ресурста жалға берілетін пәтерлер туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Алаяқ жалдау бағасын нарықтық бағадан төмен етіп көрсетіп, пәтерге қызығушылық танытқан адамдардан үйді брондау үшін алдын ала төлем алып отырған.

Дәл осылай алаяқтың картасына 95 мың теңге жіберіп, алданып қалған астаналық әйел полиция шағымданды. 

Тергеуде күдіктінің тағы осындай 15 алаяқтық эпизодына қатысы бары анықталды. Іс бойынша қалған жәбірленушілер анықталуда, – делінген полиция хабарламасында.

Заңға сәйкес, аса ірі көлемде жасалған алаяқтық жасағаны үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Оқиға

Ақтөбеде белгісіз біреулер бірнеше адамды кепілдікте ұстап отырғаны туралы ақпарат тарады, деп хабар...

Жаңалықтар

Алматыда қайғылы жағдай болды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Өкініше қарай 2003 жылы туған жаяу ж...