СҚО-да зиратқа барған әйелге ағаш құлап, мерт болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1568

Солтүстік Қазақстан облысы Булаев қаласындағы зиратқа туған-туысының басына барған әйелдің үстіне ағаш құлап кетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ .

М.Жұмабаев аудандық ауруханасының мәліметінше, емдеу мекемесіне шақырту сағат 12.00 шамасында түскен. Жарақат алған 69 жастағы әйелдің жағдайы ауыр болған. Оған ашық бас-ми жарақаты диагнозы қойылды. 

Бірден аудандық ауруханаға жеткізіліп, жүрек-өкпе реанимациясы жүргізілді. Алайда, дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. 

СҚО-да кеше көтерілген қатты жел басылар емес. Баспаналардың шатырын жұлып әкету фактілері де бар. 

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, дауыл Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишимское елді мекені Локомотивный, 29 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің шатырын жұлып әкеткен. Зардап шеккендер мен жарақаттанғандар жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...