Алматы облысында көлік апатынан 3 адам қайтыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1623

Алматы облысының Жамбыл ауданында болған жол апатынан бір адам жарақаттанып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлады madeniportal.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап. Облыстық ПД мәліметінше, қайғылы оқиға 4 ақпан күні Алматы-Бішкек тас жолының 102-шақырымында болды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, Hyundai Elantra көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші мен Hyundai Elantra жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Chevrolet Cobalt көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізілуде. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға және жолда аса мұқият болуға шақырады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Австралияның Сидней қаласында белгісіз екі адам Бонди-бич жағажайындағы адамдарға оқ атты, деп хабар...