Көкшетауда құрбандыққа шалуға алынған қошқардың иесінен қашқаны желіге тарап кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
955

Көкшетауда құрбандыққа шалуға алынған қошқардың иесінен қашқаны желіге тарап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Видео әлеуметтік желіде тез тарады. Онда көшеде көліктердің арасымен қошқардың қашып бара жатқаны, ал артынан иесінің жүгіріп бара жатқандығы көрінеді. 

Алайда қошқар көп ұзамай қолға түскен. 

«Бұл оқиға 27 мамырда болған. Қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ. Жануардың иесімен профилактикалық әңгіме жүргізілді», - дейді облыстық полиция.