Абай облысы Жарма ауданының сотында адамды ұрлады деп айыпталған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қа...
Атырауда 14 жастағы жасөспірім сауда орталығында биіктен секірген
видеодан алынған скрин
1036
Атырау қаласындағы сауда-ойын-сауық орталығында 14 жастағы жасөспірім қауіпсіздік талаптарын бұзып, биікке шығып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz АқЖайыққа сілтеме жасап.
Биіктен құлау салдарынан ол жеңіл жарақат алды.
Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім орталықта ересектердің қарауынсыз жүрген және кіреберіс бөліктегі құрылымнан секіріп кеткен. Медициналық тексерістен кейін ол үйіне жіберілді.
Полиция дерегінше, баланың ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Уәкілетті органдарға нысандағы қауіпсіздік шараларын қосымша тексеру туралы нұсқама жолданды.