Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкері тағайындалды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1173

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Қазақстан ерлер құрамасының жаңа бас бапкерінің есімін жариялады, – деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, бұл қызметке Нұржан Насанов тағайындалды.

Ол 2016 жылы жаттықтырушы мансабын бастаған. 2024 жылдан бері ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабының құрамында еңбек етіп келеді. Әлемнің екі дүркін чемпионы Санжар Тәшкенбай және тағы басқа боксшыларды тәрбиелеген.

Айта кетейік, бұған дейін ерлер құрамасының бас бапкері қызметін Қайрат Сәтжанов атқарған еді. Ол денсаулығына байланысты бұл лауазымнан кету туралы шешім қабылдады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...