Кеңес кезінде ұшырылған “Космос-482” аппараты жерге құлады

Фото: ТАСС

ЖАҢАЛЫҚТАР
1331

1972 жылы Венераны зерттеу мақсатында ұшырылған кеңестік автоматты “Космос-482” ғарыш аппараты орбитадан шығып, Үнді мұхитына құлады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап. 

Ресми мәліметке сәйкес, аппарат 2025 жылғы 7 мамыр күні Астана уақытымен сағат 11:24-те атмосфераның тығыз қабаттарына еніп, Орта Андаман аралынан батысқа қарай шамамен 560 шақырым жерде, Джакарта қаласының батысындағы Үнді мұхитына құлаған. Құлағаннан кейін құрылғы өз қызметін толықтай тоқтатты.

Айта кетейік, “Космос-482” аппараты 1972 жылдың көктемінде Венера ғаламшарын зерттеу мақсатында ұшырылған болатын. Ол “Венера-8” аппаратымен бірдей конструкцияда жасалған. Алайда күшейткіш қондырғының дұрыс істемеуіне байланысты аппарат Венераға жете алмай, Жердің жоғары эллиптикалық орбитасында қалып қойған. Содан бері ол біртіндеп Жерге жақындап, орбитадан шықты.

Ғалымдар бұл құбылыстың ешқандай қауіп тудырмағанын және бақылауда болғанын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...