Астанада мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2049

Астанада 18 жастағы Ажар Омар бірнеше күн бұрын үйінен шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Ажар Омар бірнеше күн бұрын Астанадағы Жұбанов көшесіндегі үйінен шығып кеткен, содан бері хабарсыз. Бұл туралы Liter.kz басылымы хабарлады.

Қыздың жоғалғаны жайлы еріктілер әлеуметтік желілерде жариялады. Олардың айтуынша, Ажар жоғалған кезде үстінде қара шалбар, ақ кофта және көк күрте болған. Ол 11-сыныпта оқиды.

Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын растады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізуде: куәгерлерден жауап алып, қыздың айналасындағы адамдарды анықтап, жоғалу жағдайларын зерттеуде.

Ажар Омар жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден полицияға хабарласу сұралады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...