Астанада өткен «Қазақстан – ұлы дала елі» атты фестиваль өз мәресіне жетті

ЖАҢАЛЫҚТАР
4007

Елордада ашық аспан астында ұйымдастырылған «Қазақстан – ұлы дала елі» атты фестиваль өз мәресіне жетті.

Осы күндері тұрғындар қала іргесіндегі «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде бұрынғы және қазіргі заман өркениетімен танысты. Сол арқылы кіші буын өкілдеріне тарихи құндылықтарды құрметтеп, дәстүр сабақтастығын сақтауға үндеу жолданып отыр. Көрмеде әсіресе, қолөнер шеберлері көпшіліктің айрықша қызығушылығына ие болды. Олар өздерінің туындыларын таныстырып қана қоймай, келушілерге қалаған бұйымын жасауға көмектесті. Фестиваль аясында заманауи үлгіде тігілген ұлттық киімдердің көрсетілімі де болды.

Ілияс Тұмарбаев, режиссёр-қоюшы:

 – Бүгін – фестивалдің екінші күні. Оның барысында қолөнер шеберлері өз тәжірибелерін ортаға салды. Сондай-ақ диджейлер байқауы мен қазіргі заманға лайықталған этно-фолк ұйымдастырылды. Оған қоса, дизайнерлер өзара сынға түсті.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...