Шымкенттегі беделді университет басшылығы ақша жымқырды

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
1944

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде басшылық қаражат жымқырған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

ҚМА қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттердің директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар.

Тергеу нәтижесінде университет басшылығының 256 млн теңге көлемінде жалған келісімшарттар жасағаны анықталды.

«Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды», деп хабарлады ҚМА.

Қазіргі таңда осы іс бойынша 4 күдікті үйқамақта отыр екен. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...