Танымал қоғам қайраткері Амалбек Тышанов көкірегі мен санын ашып жүретін қыздарға үндеу жасады, деп...
«Қызының көзінше»: Талғарда ер адам азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірді
Фото: freepik
1351
14 қаңтарда Рысқұлов ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам отбасылық жанжал кезінде азаматтық некедегі жұбайын пышақтаған. Әйел алған жарақаты салларынан көз жұмды.
Оның қансыраған денесін туыстары тауып алған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды.
Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.