«Астанада қар жауады»: Алдағы күндерге ауа райы болжамы жарияланды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
910

Қазгидромет синоптиктері 8, 9 және 10 сәуір күндері Астана мен Алматы қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Астана қаласының ауа райы

8 сәуір – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, күндіз найзағай. Жел солтүстік-шығыстан 9–14 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°, күндіз +15...+17°.

9 сәуір – құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр. Түнде және таңертең тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9–14 м/с. Температура түнде +6...+8°, күндіз +13...+15°.

10 сәуір – құбылмалы бұлтты, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады: түнде 9–14 м/с, күндіз 2–7 м/с. Температура түнде +1...+3°, күндіз +8...+10°.

Алматы қаласының ауа райы

8 сәуір – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыстан 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Температура түнде +11...+13°, күндіз +22...+24°.

9 сәуір – құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 15–18 м/с. Температура түнде +8...+10°, күндіз +15...+17°.

10 сәуір – құбылмалы бұлтты, түнде өткінші жаңбыр, найзағай. Жел шығыстан 3–8 м/с, кей уақытта екпіні 15 м/с. Температура түнде +8...+10°, күндіз +17...+19°.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы күндері Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, елдің солтүстігі мен солтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), батыс пен оңтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік және солтүстік-батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +3...+15 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында аңшылық кезінде қайғылы жағдай болып, 64 жастағы ер адам оқ тиіп қаза тапты. Оқиғағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада кішкентай марғауға қатыгездік көрсетілген сәт түсірілген видео әлеуметтік желіде қызу талқы...