Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен, деп...
Астанада құрылысшылар бір пәтерді екі реттен сатқан
Фото: freepik
1039
Астанада құрылыс компаниясының қызметкерлері «Qyran» тұрғын үй кешенінің пәтерлерін екі рет сатып, азаматтарды тақырға отырғызды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қызметкерлер «International Invest Company IIC» ЖШС-нің атынан пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды және тұрақ орындарын нарықтық құнынан төмен бағамен сатып алуды ұсынған.
Күдіктілер сатып алу-сату шарттарын жасасудың орнына мемлекеттік тіркеуге жатпайтын брондау шарттарын қолданған. Жәбірленушілер алаяқтарға алданып қомақты қаражаттыран айырылған. Компания қызметкерлерінің қылмыстық әрекетінен шығын 8 млрд теңгеден асқан.
Үш күдікті қамауға алынып, тағы бірі «кепіл» қолдану арқылы босатылған. Қылмыстық іс сотқа жолданды.