Жетісу облысында ерлі-зайыптының жасаған сұмдығы елдің жағасын ұстатты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1388

Жетісу облысында ерлі-зайыпты есірткі таратумен айналысты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полицейлер оларды Талдықорған қаласында ұстады.

Күдіктілер – 33 жастағы әйел мен 43 жастағы ер адам.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды «жасырын орындарға қалдыру» тәсілімен таратумен айналысқан.

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 260 грамм мефедрон тәркіленді.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада бірнеше күн бойы іздестірілген 65 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, деп хабарлайды Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысының Меркі ауданында қайтыс болған 19 жастағы Мадина Рашидқызының денесіне эксгумация жа...