Жамбыл облысында үш жасөспірімнің өліміне қатысты жеті оқушыға айып тағылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
130

Жамбыл облысының Қордай ауданында оқушылардан ақша бопсалап, айтқанына көнбегендерді ұрып-соғатын бейресми “жүйе” болғаны анықталды. Прокуратура осы әрекеттер мен үш жасөспірімнің қаза табуы арасында себеп-салдарлық байланыс бар екенін мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу қорытындысы бойынша екі күдіктіге бопсалау және өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу баптарымен айып тағылған. Екеуі де қамауға алынды. Тағы бес оқушы бопсалау бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Жамбыл облысында балалардың өзіне қол жұмсауының 14 жағдайы тіркелген. Уәкіл оның жетеуінде балалардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болғанын атап өтті.

Әлем

Нью-Йоркте туристік тікұшақ өзенге құлап, ерлі-зайыпты мен олардың үш баласы көз жұмды. Апаттан ұшқы...

Шоу-бизнес

Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен шаңырақ көтергенін отбасы қалай қабылдағанын және бұрынғы жұбайы...