«Жұмысындағы әйелмен көңілдес болған»: Ішкі істер саласының екі қызметкері жұмыстан қуылғаны туралы ақпарат тарады

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
572

Әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы Аида Маратқызы күйеуі жайлы тың ақпаратпен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Оның сөзінше, күйеуі Ішкі істер саласының қызметкері бола тұра әйеліне опасыздық жасаған. Жұмыстағы әріптес әйелмен көңіл жарастырған. Кейін Аида Маратқызының арызынан кейін екеуі де жұмыстан қуылған.

«Отбасына адал болмаған адам – Отанға да адал бола алмайды.
Күйеуім жұмысындағы әйелмен көңілдес болып жүргенін білген сәт — менің өмірімдегі ең ауыр, бірақ ең айқын сәт болды.
Ақиқат жүректі ауыртса да, көзді ашып берді. Олар екеуі де ішкі істер саласында қызмет ететін. Ел тыныштығын сақтауға ант берген, заңға, адалдыққа, тәртіпке қызмет етуі тиіс адамдар еді.Бірақ өз үйіндегі, өз шаңырағындағы адалдықты сақтай алмағандар қалайша халық алдындағы антқа берік бола алады? Мен үнсіз қалған жоқпын.
Жыладым, қиналдым, бірақ әділдікті таңдадым. Үстерінен арыз жаздым. Қызметтік тексеріс жасалып, жұмыстан қуылды екеуі де!Өйткені, менің отбасымның тыныштығын бұзған адам — ел тыныштығын да сақтай алмайды», - деді Аида Маратқызы.


Аида Маратқызы отбасына адал бола алмаған адам Отан қорғай алмайтынын алға тартты.

«Отбасын сақтай алмаған – Отанды сақтай алмайды. Бұл жай сөз емес, өмірлік шындық. Өйткені нағыз ер азамат — алдымен өз отбасына қорған бола алуы керек. Әйелінің көз жасын сүрте алмаған, баласының алдында ұятқа қалған адамнан
ертең ел қорғайтын тұлға шықпайды. Мені талай адам “неге арыз жаздың?” деп кінәлады. Бірақ мен үшін бұл – кек емес, әділдік еді. Мен олардың өмірін бұзған жоқпын, олар өздері бұзды. Мен тек шындықтың дауысы болдым. Сол күннен кейін мен бір нәрсені анық түсіндім: Қызмет, форма, шен – адамның қадірін көтермейді. Адамның қадірін оның адалдығы, жауапкершілігі және отбасына деген құрметі көтереді. Сырт көзге беделді, абыройлы болып көрінгенімен, жүрегінде опасыздық жатқан адам –ешқашан нағыз ер бола алмайды. Сондықтан мен енді ешкімнен қорықпаймын. Аққа Құдай жақ. Біреудің көз жасымен келген “бақыт” баянсыз, ал әділдік жолында жүргеннің жүзі жарық», - деді ашынған әйел.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...