Атырау облысында нөпір су бөгеттерді бұзып, елдімекендерге қауіп төндіріп жатыр

Бейнежазбадан

Жаңалықтар
1386

Өткен тәулікте Атырау облысында Жайық өзенінің арнасында су деңгейінің көтерілуіне байланысты Махамбет ауданының Талдыкөл ауылында 396 адам эвакуациялық пункттер мен туыстарының үйлеріне алдын ала эвакуацияланды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып, madeniportal.kz хабарлайды. 

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі уақытта елді мекенде су басқан тұрғын үйлер жоқ, жағдай тұрақты. Құлсары қаласында су басқан үйлерден су сору жұмыстары жалғастырылуда. 73 947 текше метр су сорылды, 38 мың қапшық және 1 120 инертті материал төселді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторнинг және Құрманғазы ауданында бөгеттерді нығайту жүргізілуде.

Ал qazaqstan.tv арнасының мәліметінше, Атырау облысында нөпір су бөгеттерді бұзып, елдімекендерге қауіп төндіріп жатыр. Кеше Сарыөзек каналын су жарып, сай салаға жайылды. Канал Махамбет ауданынан бастау алып, Атырау қаласы мен Еркінқала ауылдық округімен өтеді. Жауапты мамандар дереу іске кірісіп, бөгетті қайта бекітті. Махамбет ауданы Сарайшық ауылында да бөгет астынан су кетті деген хабар тарады. Бұрынғы жерасты құбыры жарылып, ауылға қауіп төндірген. Шұғыл түрде 11 техника мен ауыл азаматтары жұмылып, бөгет жанына құм төгіп, суға тосқауыл қойды. Ауданға қарасты Талдыкөл ауылында эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. 150-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді.

Солтүстік Қазақстан облысында соңғы екі аптада  су басқан 3 392 үй мен 667 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Қызылжар ауданында еріген қар суын сору жұмыстары аяқталды. Петропавл қаласының Заречный кенті мен Подгора шағын ауданында 56 жеке тұрғын үй мен 83 аула аумағынан су сору жұмыстары жалғастырылуда.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйылыс және Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Өткен тәулікте 540 қапшық пен 197 тонна инертті материал төселді.

Республика бойынша 60 271 адам өз үйлеріне оралды. 5 360 адам уақытша орналасу пункттерінде қалуда. 19,9 млн еріген қар суы сорлып, 11 205 жеке тұрғын үй мен 3 539 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 7,8 млн артық қапшық және 1,5 млн тонна инертті материал төселді.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 7 077   адам, 985 техника, 349 су сору құралы және 65 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...