Тоқаев Мария Хаджиеваны лауазымынан босатты

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1305

Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваны лауазымынан босатты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды», — деп хабарлады Ақорда.

Мария Хаджиева 1971 жылғы 22 наурызда дүниеге келген.

Еңбек жолын 1995 жылы Әділет министрлігінің Бас заңнама басқармасының конституциялық және әлеуметтік-мәдени заңнама бөлімінің жетекші консультанты болып бастаған.

2019 жылы Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары болды.

2019 жылғы 26 желтоқсанда Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...