«Ауғанстандағы зілзала»: 20 адам қаза тауып, 320-ға жуық адам жараланған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1187

Ауғанстанның солтүстігінде, Мазари-Шариф қаласына жақын маңда, түнгі сағат 1 шамасында 6,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апаттан 20 адам қаза тауып, 320-ға жуық адам жараланған. Қайтыс болғандардың саны әлі де өсуі мүмкін. Қазір аймақта іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігінің «СБЗҰҒО» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 3 қараша күні Астана уақытымен 01:29-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматы қаласынан 1079 км оңтүстік-батыста, Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер асты дүмпуі Шымкент қаласында — 2 балл, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент ауылында — 2 балл, Жетісай қаласы мен Шардара қаласында да — 2 балл болып сезілді.

Айта кетейік, бұған дейін тамыз айында болған зілзаладан елде 2 мыңнан астам адам қаза тапқан еді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...