Астанада жатақхана өртенді: Зардап шеккендер бар

Сурет: Астана ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР
2896

Байқоңыр ауданындағы жатақханалардың бірінде бөлмелер мен ғимараттың шатыры жанды, деп хабарлады madeniportal.kz ТЖД-ға сілтеме жасап.

«Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде шатыр мен 3 және 4-қабаттағы бөлмелер жанып жатты. ТЖМ күштері үш иінді баспалдақтың көмегімен 3-қабаттан 6 адамды құтқарды. Алдын ала мәліметтер бойынша жану өнімдерімен уланған 5 адам жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Өртті сөндіру жұмыстарын оқиға орнындағы өтпе жолдарда автокөліктердің тұруы қиындатты. Өрт 850 шаршы метр алаңда сөндірілді», - делінген Астана ТЖМ таратқан ақпаратта.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...