2026 жылдың тамыз айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтарды 10 демалыс күні к...
Астанада жедел жәрдем басшылары 850 млн теңге жымқырған
Фото: freepik.com
1130
2020-2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражаты ұрланған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Санитарлық автокөлік бөлшектері заңсыз есептен шығарылып, жалған қызмет көрсету шарттары жасалған. Салдарынан жұмыс істейтін автокөліктердің саны азайып, қалғандары қосалқы бөлшектерді жымқыру салдарынан пайдаланудан шығарылған», - дейді прокуратурадағылар.
Қазіргі уақытта «103» автопаркі толығымен қалпына келтірілді.
Барлығы 4 қызметкер, оның ішінде 2 орта буынды басшы мен станция директоры ұсталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.