Қырғызстанда із-түзсіз кеткен қазақстандық іздестіріліп жатыр

Фото: Шу облысы МІІБ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1729

Қырғызстан полициясы шекараны заңсыз кесіп өтпек болған қазақстандықты іздестіріп жатыр, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Шу облыстық МІІБ жоғалған адамды табуға көмектесуді сұрайды.

Ведомство мәліметінше, полицияға 50 жастағы Қазақстан азаматы арыз түсіріп, ұлы Алибек Саматұлының (1997 жылы туған) жоғалғанын хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы 14 қарашаға қараған түні қазақ-қырғыз шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған кезде жоғалып кеткен.

«Жоғалған адамның белгілері: бойы 174 см, орта денелі, шашы қысқа, бетінде қал бар. Ерекше белгісі – сол аяғындағы тыртық. Жоғалған кезде қара түсті спорттық киім және жеңінде қызыл жолағы мен ақ жиектемесі бар қара күртеше киген»делінген хабарламада.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал әзілкеш, актер Тұрсынбек Қабатов референдумда дауыс берді. Өнер иесі дауыс беру...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина республикалық референдумға қатысып, Алматыдағы П...