Ақтөбе облысында 10 жастағы бала әлі табылмай жатыр

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
744

Ақтөбе облысында бірнеше күннен бері жоғалып кеткен 10 жастағы баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ТЖМ мәліметінше, бала 29 наурыз күні кешке Сарыжар ауылындағы үйінен шығып кеткен, содан бері оны ешкім көрмеген. Сол күні-ақ полицияға жоғалғаны туралы хабар түскен. Қазіргі уақытта негізгі іздестіру жұмыстары Ілек өзені маңында жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, бала суға құлап кетуі мүмкін.

Операцияға құтқарушылар, сүңгуірлер, полиция қызметкерлері, ТЖМ әскери бөлімдерінің сарбаздары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылған. Сонымен қатар ТЖМ авиациясы пайдаланылып, бұл үлкен аумақтарды жедел тексеруге мүмкіндік береді.

Күн сайын сүңгуірлер 30–35 км-ге дейінгі су айдынын тексереді. Қайықтармен шамамен 25–30 км су беті қаралады, жаяу топтар 15–20 км жағалау сызығын зерттейді. Бұдан бөлек, аумақ дрондар арқылы бақыланады. Сондай-ақ эхолоттар қолданылады.

Іздеу жұмыстары өзеннің ерекшеліктеріне байланысты қиындап отыр. Ілек өзенінің арнасы ирек, ағысы қатты әрі өсімдіктері қалың. Су лай болғандықтан, су астындағы көріну деңгейі өте төмен.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде қайтыс болған Мадинаның құрбысы Зейнеп оның тұрмысындағы қаржылық жағдайға қатысты бірқатар...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Біріккен Араб Әмірліктерінің Шарджа қаласында екі қазақстандық қыздың қаза болғаны белгілі болды, де...