Батыс Қазақстан облысында үш жасөспірім суға батып көз жұмды. Қайғылы оқиға 9 маусым күні кешкі уақы...
Астанада жоғалған екі баланың жағдайы белгілі болды
Фото: ТЖМ
1613
Бүгін Астана қаласының Есіл ауданында Майбалық көлінің маңында серуендеуге шығып, бағытынан адасқан екі баланы іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«Балаларды іздеу жұмыстарына құтқарушылар, кинологиялық есептоп, ұшқышсыз ұшу аппараты, сондай-ақ жол талғамайтын көлік жұмылдырылды. Құтқарушылардың күшімен аумақ мұқият тексерілді», - делінген хабарламада.
Нәтижесінде іздестіру тобы Майбалық көлі маңындағы ашық алаңнан 2012 жылы туған екі баланы тауып, ата-анасына тапсырды. Балаларға медициналық көмек қажет болмады.