Кеме аударылып, жеті адам қаза тапты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
444

Кипрде жергілікті биліктің мәліметінше, кемеде барлығы 267 адам болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

237 жолаушы құтқарылған, тағы 23 адам іздестіріліп жатыр.

Катамаран үлгісіндегі кеме Кирениядан Түркияның Мерсин провинциясындағы Ташуджу портына бағыт алған. Жағалаудан шамамен төрт миль қашықтықта кеме су ала бастаған. Кейіннен ол аударылып кеткен.

Құтқару жұмыстарына жағалау күзетінің катерлері, тікұшақ, азаматтық кемелер мен қайықтар жұмылдырылған. Алайда оқиға орнындағы қатты толқын іздеу-құтқару жұмыстарын қиындатып отыр.

Кирения портында жедел жәрдем көліктері мен медициналық шатыр дайындалды. Ауруханалар жоғары дайындық режиміне көшірілді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...