Астанадағы балабақшада тәрбиеші балаларды орындыққа байлап, күш қолданған

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
128

Әлеуметтік желіде тәрбиешінің балаларға күш қолданғаны түсірілген видео тарады. Белгілі болғандай, оқиға Астана қаласында орын алған. Аталған оқиғадан кейін кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды MadeniPortal.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Астана полиция департаментінің мәліметінше, бұл бейнежазба 2025 жылдың қазан айында түзету балабақшасында түсірілген.

«Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бейнежазбаның 2025 жылғы қазан айында түсірілгені анықталды. Полиция қызметкерлері түзету бағытындағы балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істеген әйелдің жеке басын анықтады. Ол полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта зардап шеккен балалардың ата-аналары анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Полицияда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын атап өтті. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының Бұланды ауданында балық аулау кезінде 1958 жылы туған ер адам суға батып кетті. Оны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақын Серікзат Дүйсенғазының әкесі Мақсұт Дүйсенғазыұлы қайтыс болды. Қаралы хабарды ол Instagram пар...