Тұрмысқа шығу туралы ұсыныстан кейін бойжеткен инсульт алды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1645

Грекияда Чехиядан келген турист қыз сүйіктісінің үйлену туралы ұсынысынан кейін бірнеше секунд ішінде инсульт алып, ауыр халге түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Оқиға Левкас аралындағы Пайғамбар Ілия шіркеуінде болған. Ақпаратқа сәйкес, 24 жастағы бойжеткен жігіті бір тізерлеп, үйленуге ұсыныс жасаған сәтте есінен танып қалған.

Жергілікті ақпарат көздері оның шұғыл түрде аралдағы ауруханаға жеткізіліп, артынша материктегі Янина қаласына эвакуацияланғанын хабарлады. Дәрігерлердің алдын ала тексеру нәтижесіне сәйкес, бойжеткенде ауқымды инсульт тіркелген.

Қазіргі уақытта ол ауыр, бірақ тұрақты хәлде жансақтау бөлімінде жатыр.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...