Астанадағы EXPO шары жаңа мақсатқа пайдаланылады

Фото: “Астана ЭКСПО-2017” ҰК

ЖАҢАЛЫҚТАР
1099

Астанадағы яғни Nur Alem сферасы жаңа мақсатта қолданылатын болды. Бұл туралы цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлады madeniportal.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, үкімет QazExpoCongress компаниясын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қарамағына беру туралы шешім қабылдаған. Бұл өзгеріс 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

– Бізде EXPO қалашығын одан әрі дамытуға қатысты жоспарлар бар. Ол инновациялық кластерге, яғни еліміздің экономикасын дамытатын жаңашыл орталыққа айналуы тиіс. Қазіргі уақытта осы аумақта инновациялық экожүйе қалыптасып жатыр. Мұнда Цифрлық даму министрлігі, Astana Hub, NIT компаниялары, Astana IT University және ағылшын құқығы қолданылатын инновациялық юрисдикция саналатын Астана халықаралық қаржы орталығы орналасқан. Ал бұл қалашықтың «маржаны» – EXPO шары базасында құрылатын халықаралық Alem AI жасанды интеллект орталығы болады, – деді Ж. Мәдиев Үкімет кулуарында.

Қазір EXPO шарында қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр, музей экспонаттары басқа тақырыптық музейлерге таратылған.

Белгілі болғандай, EXPO шарында 8 қабат бар. Әр қабатта жеке-жеке бағыт қарастырылған: жасанды интеллектке арналған музей, жасанды интеллект кинозалы, балаларға арналған AI-аймақ, іс-шаралар мен хакатондарға арналған кеңістік, сондай-ақ түрлі салалардағы жасанды интеллектке қатысты экспозициялар болады.

Бұдан бөлек, EXPO аумағында 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған Tumo education білім беру платформасы ашылады. Бұл платформада олар IT мамандықтары бойынша оқудан өте алады.

Жаңартылған EXPO шарының ашылуы биыл қазан айынада болатын Digital Bridge форумымен қатар жоспарланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...