Елімізде Ұшатын Макарон Диюға табынатындардың шіркеуі ашылуы мүмкін

Фото: kursiv.media

ЖАҢАЛЫҚТАР
1525

Елімізде Ұшатын Макарон Диюға табынатындардың шіркеуі ашылуы мүмкін. Бұл туралы kursiv.media басылымы жазды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Пастафариан шіркеуі ұйым ретінде 2005 жылы АҚШ-та тіркелген. Құдай ретінде – Ұшатын макарон диюды таниды. Діндерге пародия, әжуа ретінде шығарылған бұл ұйым әсіре діншілдікті, діни рәсімдердің қасаңдығын әзіл-қалжың арқылы сынайды.

Қазақстандық пастафариан Андрей Нагиннің айтуынша, бұл "діннің" әзіл екенін көп адам түсіне бермейді екен, тіпті секта деп ойлайтындар да бар. 

Тағы бір қазақстандық пастафариан Всеволод Мальцев жаңа діни ағымды тіркеу жұмысын бастап кеткенін, 1 қыркүйекке дейін Діндерді зерттеу орталығынан жауап күтіп отырғанын айтыпты. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста құ...