Астанадағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туының көрсетілуіне қатысты ІІМ қылмыстық іс қозғады

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2708

Кеше әлеуметтік желіні дүрліктірген суретке қатысты Қазақстанның ішкі істер министрлігі бүгін іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады madeniportal.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастаған. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылып жатыр.

- Қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Заңсыз әрекетке барғандар жауапқа тартылатын болады, – делінген хабарламада. 

Әлеуметтік желіде Астанадағы лэд-экрандардың бірінде Ресей туының орнына Украина туы қойылғаны түсірілген видео тараған. Сол оқиға алдында ғана Астанаға Ресей президенті Владимир Путин ұшып келген еді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы полициясы TikTok желісінен екі жастың балағат сөздер мен әдепсіз тіркестер қолданған видеосын...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Respublica партиясынан Құрылтай депутаты, «ҚазАвтоЖол» ҰК-ның бұрынғы басшысы Мейірхат М...