Мектепте 18 жастағы жігіт балтамен адамдарға шабуыл жасап, бір оқушыны өлтірді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
472

Швецияның Фагерста қаласындағы мектепте балтамен шабуыл жасалып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиғаға байланысты 18 жастағы жас жігіт күдікке ілініп, ұсталды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға 21 тамыз күні күндіз болған. Полиция Brinell мектебіне сағат 14:00-ден кейін шақырту бойынша барған. Шабуыл салдарынан екі жасөспірім ауыр жарақат алған. Тағы бір адам жеңіл жараланған.

SVT дереккөздеріне сүйеніп хабарлағандай, күдікті бұған дейін осы мектепте оқыған. Сондай-ақ оның шабуыл жасағаны үшін сотты болғаны белгілі.

Brinell мектебі жазғы демалыстан кейін жақында ғана қайта ашылған. Мұнда шамамен 500 оқушы білім алады.

Полиция күдіктіні ұстау кезінде қызметкерлер қару қолданғанын мәлімдеді. Кейін 18 жастағы жігіт ұсталған. Оның аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.

ЖАҢАЛЫҚТАР

6 қыркүйекте саяжай қоғамдастықтарының бірінен 43 жастағы ер адам мен 55 жастағы әйелдің денесі табы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист...