Нариман Құрбанов Парижде өткен беделді турнирде алтын медаль жеңіп алды

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
1383

2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, қазақстандық гимнастшы Нариман Құрбанов Парижде (Франция) өткен FIG World Challenge Cup 2025 турнирінің алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады MadeniPortal.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық атлет ат жаттығуында үздік шықты. Нариман 15,066 ұпай жинап, бірінші орыннан көрінді.

Екінші орын Армения өкілі Гамлет Марукянға (14,800) бұйырды. Үздік үштікті италиялық Габриэль Таргетта (14,733) жапты.

Еске салайық, Нариман Құрбанов – Қазақстанның спорттық гимнастика тарихындағы тұңғыш Олимпиада жүлдегері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте 21 жастағы Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты резонансты сот процесі жалғасып жатыр. 7 тамы...

СПОРТ

Қазақстан Ұлттық паралимпиада комитетінің президенті Қайрат Боранбаев Халықаралық зағиптар спорт фед...