Астанадағы LRT билеті қанша теңге болатыны айтылды

Фото: primeminister.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2112

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесу барысында Астанада LRT-де жол жүру құны 100-ден 200 теңгеге дейін болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

LRT билетінің бағасына келсек, жобалық тариф белгіленген. Қазірше 100-ден 200 теңге аралығында деп болжанып отыр. Әзірге осы межеде қала береді, – деді әкім.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек елордадағы ақылы тұрақтарды жаңа инвесторға беру туралы ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл мәселе күн тәртібінде жоқ.

Мен осыдан 2-3 ай бұрын алдын ала айтқан болатынмын. «Астана тұрақ кеңістігі» мекемесін коммуналдық меншікке өткізу жоспарланған. Бұл мәселе бойынша қазіргі уақытта Көлік басқармасы инвестормен келісімшартты тоқтату бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Мекеме толықтай коммуналдық меншікке өтеді, – деді қала басшысы. 

Әлем

Сот оны адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны үшін айыпты деп таныған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. &n...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда Сейфуллин даңғылы бойындағы Forum сауда орталығының маңында екі жүргізуші арасында жанжал ш...