Астанадағы қосалқы станцияда оқыс оқиғадан электромеханик қаза тапты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
421

Астанада электр энергиясын тартатын қосалқы станциялардың бірінде тоқ соғып, 43 жастағы электромеханик қаза тапты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі қайғылы оқиғаның 2026 жылдың 14 маусымында болғанын растады.

Компания бұл факт бойынша тергеу белгіленген тәртіп бойынша жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының нәтижелері бойынша айқындалатын болады. Тергеу аяқталғанға дейін болған оқиғаның себептері туралы түсініктемелер бере алмаймыз», – деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.

ҚТЖ компания тергеуге жан-жақты жәрдем көрсететіндерін жеткізіп, қаза тапқан қызметкердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

ТАРИХ

Қазақстан Ұлы Дала тарихы мен өркениетін зерттеу бағытындағы халықаралық ынтымақтастықты қолға алды....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы 2026 жылғы қаңтар-шілде айларындағы ақша-кредит саясатын жүзеге асыру қорытындысы т...