Су тасқыны қаупіне байланысты бірнеше республикалық жол жабылды

Фото интернеттен

ЖАҢАЛЫҚТАР
2943

5 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Атырау, СҚО, Қостанай) 6 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 3280 метр болатын су тасқыны болды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 8 автомобиль жолында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 285 бірлік техника мен 312 адам жұмылдырылған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...