Астанадағы жатақханада өрт болып, 3 адам мерт болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1687

Былтыр Астанадағы жатақханалардың бірінен шыққан өрттен 3 адам қаза тапты. Астана қаласының төтенше жағдайлар департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Еске салайық, 2024 жылғы маусымда жатақханада өрт шықты. Өрт салдарынан үш адам, оның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қайтыс болды.

Тергеу ҚР қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі «Екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша жүргізілді.

Тергеу материалдарына сәйкес, жатақхана иесі қажетті құжаттарды рәсімдемей бөлмелерді заңсыз беріп отырған. Өрт қауіпсіздігі талаптары туралы түсіндірме жүргізетін қызметкерлердің талаптарына құлақ аспаған. Сонымен қатар ғимаратта өрттен қорғау құралдары болмаған.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының шешімімен жатақхана иесі кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...