9 жасар қызды мектеп автобусы қағып өлтірді

Фото: Шедеврум

ЖАҢАЛЫҚТАР
2122

Ақмола облысының Қараөткел ауылында мектеп автобусы 9 жасар қызды қағып, бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, автобус жүргізушісі 2015 жылы туған оқушыны қағып кеткен.

«Полиция бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр» – делінген ресми хабарламада.

Ақмола облысының білім басқармасы оқушының отбасына көңіл айтып, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта жедел әрекет ету мақсатында Целиноград аудандық білім бөлімінің мамандарынан құрылған жұмыс тобы тексеру жүргізіп жатыр. Оқушының отбасына қажетті психологиялық көмек көрсетіледі», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Ислам ынтымақтастығы спорт қауым...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Нью-Йоркте өткен фина...