Алматыда кәмелетке толмаған есірткі таратушы ұсталды

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
243

Алматы қаласының Медеу ауданында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған заттарды таратудың кезекті әрекетінің жолын кесті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қылмыстық әрекетке кәмелетке толмаған қыздың тартылғаны анықталды. Жедел қызметкерлер оны құрбыларымен бірге ұстады.

Полицейлер ішінде үш кәмелетке толмаған қыз отырған такси көлігін тоқтатты. Жедел мәліметке сәйкес, олардың бірі есірткіні арнайы жасырын орындарға қалдырумен айналысқан. Қазіргі уақытта тергеу қалған екі жолаушының бұл әрекеттен хабардар болған-болмағанын анықтап жатыр.

Тінту кезінде күдіктіден түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған бірнеше түйіншек тәркіленді. Олардың ішінде өсімдік тектес заттар мен синтетикалық есірткінің кристалл түрі болған. Күдікті тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырғанын мойындады.

Қазір тәртіп сақшылары жасөспірімді есірткі бизнесіне кімнің тартқанын және бұл схеманың қалай ұйымдастырылғанын анықтап жатыр. Тергеу барысында қыздың тәрбиелену жағдайына және ата-анасының рөліне де ерекше назар аударылады.

«Есірткі қылмысының жасы болмайды. Жеңіл жолмен тез ақша табуға ұмтылу кәмелетке толмай жатып-ақ адамның болашағына балта шабуы мүмкін», – деп ескертті Алматы полициясы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділет Зейнелдің анасы әлеуметтік желіде тараған «20 миллион теңге өтемақы ретінде берілді&raq...