1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттері қымбаттайды, деп хабарлады madeniportal.kz inbusiness....
«Анасын тіземен теуіп, қаруын шығарды»: Ербаян Мұхтардың мәйітін туыстарына бермеген (ВИДЕО)
коллаж: MadeniPortal.kz
Әлеуметтік желіде сарбаз Ербаян Мұхтардың туыстары оның денесін алып кете алмай жатырғандарын айтып және оларға жергілікті полиция өкілдері кедергі келтіргенін жеткізді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Күні кеше сарбаздың жағдайы нашарлап, ауруханаға жатқызылғаны белгілі еді. Ал бүгін сарбаздың қайтыс болғаны яғни ем қабылдау кезінде жүрегі тоқтап қалғаны туралы ақпарат тарады. Бұны Ербаянның адвокаты Инга Иманбай да растады.
Желіде тарағана видеода полиция өкілдері Ербаянның туыстарымен керісіп, оның мәйітін бермеудің жолдарын жасаған. Тіпті біреуі қаруын шығаруға бел буған.
Ербаян Мұхтаров Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүрген кезінде дәретханада құлап, ми жарақатын алған деген диагнозбен ауруханаға түскен еді. Алайда бүгін оның қайтыс болғаны белгілі болды. Туыстарының айтуынша, марқұмның мәйіті оларға берілмей, рұқсатсыз мәйітханаға жеткізілген.
Ербаян Мұхтаровтың туыс ағасының сөзінше, бейнежазбадан оның анасын полиция қызметкерінің жұлқылап, күш көрсеткенін анық көруге болады. Сондай-ақ ол «полиция қызметкері тапаншасын шығарып, оқ атпақ болды» деп мәлімдеді.
Аталған бейне TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирден жазылып алынған.