Астанадан шыққан ұшақ әуежайға қайта оралды

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
1197

FlyArystan әуе компаниясының Астанадан Қостанайға ұшып шыққан ұшағы ауа райының қолайсыздығына байланысты әуежайға қайта оралды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

FS7341 рейсімен ұшқан әуе кемесі Қостанайдағы қолайсыз ауа райына байланысты ұшып шыққан әуежайына мәжбүрлі түрде қайтып келген.

«Кейінірек рейс те Қостанай әуежайының уақытша жабылуына байланысты кейінге шегерілді — ұшу-қону жолағын қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ FS7342 Қостанай – Астана рейсі де ұшақтың Қостанайға кеш келуіне байланысты кешіктірілді. Еске саламыз, FlyArystan рейстері айналымдық схема бойынша орындалады, сондықтан бір рейстің кешігуі келесі рейске әсер етуі мүмкін», – делінген хабарламада.

Астана – Қостанай рейсінің жолаушыларына сусындар мен ыстық тамақ ұсынылды. Ал кері бағыттағы FS7342 рейсімен ұшуы тиіс жолаушылардың өтініші бойынша олар қонақүйге орналастырылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...