Ауғанстандағы 6,3 балдық жер сілкінісі кемінде жеті адамның өмірін қиды. Тағы 150 адам жараланды, де...
Боксшы Жанқош Тұраров қуанышты жаңалығын айтты
Фото: әлеуметтік желі
974
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров отбасындағы қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Белгілі спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туған қызының фотосуреттерін жариялап, қуанышын оқырмандарымен бөліскен.
«Қызымды өзім босандырып алып, бірден АҚШқа жолға шығып кеткен едім, қайта көруге әрең жеттім. Нәрестенің иісін жәннәттың жұпар иісіне теңейтіндей-ақ бар ғой шіркін, иісіне тоймайсың. Алла қаласа қырқынан да шығатын күн алыс емес. Алланың берген ең үлкен хадиясы, көз қуаныштарым - қыздарым. Аңсап жүрген барша отбасыға дәл осындай теңдесі жоқ бақыт жұғысты болсын!», – деп жазды боксшы.