Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген

Фото: exstraguide.ru

ТУРИЗМ
262

Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Биыл Маңғыстау облысына 213 мыңнан астам турист келген, оның ішінде ішкі туристер - 194,9 мың, шетелдік саяхатшылар - 18,3 мың. Жыл соңына дейін туристер саны 500 мыңға дейін жетеді деп болжануда.   

Облыс республика көлемінде шетелдік туристерді қабылдау бойынша үшінші орынға көтерілді. Ақтау халықаралық әуежайы 2028 жылға дейін жаңартылып, өткізу қабілеті 2,5 млн жолаушыға дейін артады деп жоспарлануда.   

Сонымен қатар 2025 - 2028 жылдары Маңғыстау облысында 17 ірі туристік жоба іске асырылмақшы.

Айта кетейік, Ақтау әуежайына табан тіреген әрбір адам облыс орталығына жеткенше жол бойына орнатылған ескерткіштерді тамашалайды. «Маңғыстаудың жеті кереметі» деген атауға ие болған бұл ескерткіштер арқылы қала қонақтары Маңғыстаумен алғашқы таныстығын бастайды. 

Өйткені беймәлім елге алғаш рет аяқ басқан жанның сол жер туралы алғашқы түсінігі оның тарихы, табиғаты мен ескерткіштері арқылы қалыптасады. Сол арқылы жергілікті халықтың арғы-бергі тарихынан мағлұмат алып, ой түйеді. Әсіресе, ескерткіштер мен тарихи белгілер жүйелі, мағыналы салынса, сол елдің нені құрмет тұтатынын, ықылым заманнан бергі ата кәсібін көреді. Мұндай көрініс кез-келген жолаушыны бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз. Керісінше, оны жұмбақ өлкенің беймәлім құпиясын «білсем екен, көрсем екен» деген ой жетелей түседі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...