Астаналық 600 бала Бауыржан Момышұлының портретін жасап, елді тәнті етті

Фото: Qazaqstan.tv

ЖАҢАЛЫҚТАР
2176

Астанада 600 бала Бауыржан Момышұлының алып портретін жасады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Астанада Жеңіс күніне және Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жылтолуына орай алып портрет-фотомозаика жасалды. Ерекше патриоттық іс-шараға өнер үйірмелерінен 600-ден астам бала қатысты.

Бауыржан Момышұлының алып бейнесі балалардың жұмысынан жиналған. Астана әкімдігінің мәліметінше, мозаика 2736 шаршы метр аумақты алып жатыр. Ұзындығы – 70, ені - 32 метр.

«Әрбір үзінді - әр баланың қосқан жеке үлесі. Бұл - жай ғана портрет емес, балалардың шығармашылығы арқылы жеткізілген шынайы оқиға», – дейді ұйымдастырушылар.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда жүріп келе жатқан көліктен секірген қызды басқа автокөлік қағып кеткен. Полиция оқиғаның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайлары әлі де тіркеліп жатыр. Дегенмен елдегі эпидемиологиялық а...