“Үлкейген сайын алжып бара жатыр”: Баян Алагөзованы қоянға теңеген Меруерт Түсіпбаева сынға қалды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
860

Елімізге танымал әнші Меруерт Түсіпбаева мемлекетке еңбек сіңірген қайраткер екенін айтып,сынға ұшырады, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Turkystan.kz сайтына сілтеп.

Ол өз пікірін еркін жеткізуге құқығы барын атап өтті.

"Мен өз пікірімді білдіруге құқылымын. Әр адамның өз пікірі болуы керек. Мен мемлекеттік еңбек сіңірген қайраткермін. Менің осы мемлекетке сіңірген еңбегім жеткілікті. Менің еңбек сіңірген қайраткер деген атағымды біздің президентіміздің өзі қол қойып тұрып, мен алғанмын. Ол атақ "халық әртісі" деген атаққа сәйкес", - дейді әнші. 

Әншінің бұл сөзі кей оқырмандарына ұнамай, сынның астында қалды.

"Мен, мен деп не болды сонша?", "бұның мемлекетке сіңірген қандай еңбегі бар еді?", "еңбек сіңірген қайраткер болсаңыз, әркімге ұрына беру керек пе?", "осы үлкейген сайын алжып бара ма?", "Қазақстанға ешқандай сіңірген еңбегің жоқ", - деп жазды желі қолданушылары. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада қоғамдық көлік пен шағын автобус соқтығысып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды MadeniPorta...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...