Астаналық дәрігерлерге конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндірілді

Сурет: Астанадағы №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы

ЖАҢАЛЫҚТАР
128

Астанадағы №3 көпсалалы қалалық балалар ауруханасында медициналық мекеме ұжымы қатысуымен конституциялық реформаға байланысты кездесу өтті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жиында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының елордалық «Есіл» ауданы штабы өкілдері бас қосты.

Іс-шара аумағында аурухана қызметкерлеріне конституциялық реформаның негізгі бағыттары түсіндірілді.

Қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, заң үстемдігі қағидатын, мемлекеттің зайырлы сипатын, сондай-ақ білім, ғылым және инновацияға негізделген ел дамуының жаңа бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ отырыс барысында елдің маңызды тарихи кезеңде тұрғаны, ал жаңа Конституцияны қабылдау әрбір азаматтың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмекке құқығы сөзсіз мемлекеттік кепілдік ретінде бекітілетін берік институционалдық негізді қалыптастырудың іргетасына айналатыны атап өтілді. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

Бұдан бөлек, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялау тақырыбы да қозғалды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы шабуыл кезінде жараланған болуы мүмкін, бірақ есін біледі және жасыр...

Шоу-бизнес

Белгілі әнші және актриса Айгүл Иманбаева ұшақ ішінде бортсеріктермен келіспей қалған, деп хабарлады...