Нұрлан имам тілсіз жаудың құрбаны болған 9 балаға қатысты пікір білдірді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1404

Нұрлан имам Түркістан облысында болған қайғылы оқиға жайлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Бәріміз Аллаға қайтушымыз… кәрі өлсе соққан дауыл тынғандай-ақ,жас өлсе бәйтерегің сынғандай-ақ.  Елдің басына түскен алапат өрттен Түркістан облысында болған қайғылы қазаға  көңіл айтамын. Жаратып Жасаған Алла өрт апаты салдарынан марқұм болғандарға шаһид дәрежесін,сауабын беріп,мекендерін жәннетте қылғай. Құран мен дұғада болыңыздар. Өрттің мән-жайын жіті анықтап ,қажетті көмек беруді Мемлекет басшысы тапсырды. Онсыз да,өте қиын жағдайда алып-қашпа сөздерге,ақпараттар мен пікірлерге сақ болуға шақырамын», – деп жазды Нұрлан имам.

Еске салайық, Түркістан облысында жер үй өртеніп, салдарынан 12 адам қаза тапты. Олардың 9-ы бала.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...