Атқа мініп мал бағуға шыққан жасөспірім жоғалып кетті

Фото: polisia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2253

2 қараша күні таңертең Әулиекөл ауданының Первомайское ауылында 15 жастағы жасөспірім атқа мініп мал бағуға шығып, жоғалып кеткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Сағат 16:00 шамасында ол ата-анасымен байланысқа шығып, телефондағы зарядтың таусылатынын хабарлады. Содан кейін онымен байланыс үзілді.

️Баланың жоғалғаны туралы хабарлама түскен сәтте, іздестіруге ТЖМ құтқарушылары, полиция қызметкерлері, ЖАО өкілдері, сондай-ақ туысқандары жұмылдырылды. Іздестіру тобының үйлесімді жұмысының арқасында бүгін таңертең Шолақтерек қыстағынан жасөспірім табылды. Медициналық көмекке мұқтаж болмады.

ТЖМ туған-туыстарына қайту бағыты мен уақыты туралы алдын ала хабарлап, өздерімен толық зарядталған мобильді құрылғылар мен қосалқы байланыс құралдарын алып кетуді ұсынады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...