Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Фото: Instagram danapartner

ЖАҢАЛЫҚТАР
2487

Бүгін, 2025 жылғы 25 қаңтарда қазақстандық журналист, продюсер және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жария етті, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

 
 

Алматының полиция департаменті тергеу басқармасымен Орманбаеваға қатысты "ұлтаралық алауыздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын" атап өтті.

– Сот "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды," деп хабарланды Алматы қалалық полиция департаментінен.

Дана Орманбаева өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында халықаралық іздеуге жарияланды деген хабарға пост арқылы үн қатты.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың сәуірінде алматылық тұрғынның әлеуметтік желідегі ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қысым мен балағат сөздерге толы пост туралы арыз-шағымынан кейін полиция Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар енді Құрылтай депутаттарының жеке қабылдауына жазылып, өз өтініштері мен ұсыныстарын...

Шоу-бизнес

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова үйіне жөндеу жүргізген құрылысшылардың жұмысына көңілі тол...