Алматыда Розыбакиев көшесін Мұхтар Шахановтың атына беруге петиция жарияланды, деп хабарлайды Madeni...
Тоқаев Елена Рыбакинаны «Барыс» орденімен марапаттады
Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады. Мемлекеттік награда спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін табысталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Ақорда жазды. Бүгін Мемлекет басшысы Елена Рыбакинамен кездесіп, оны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және теннистен әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтады.
Президент спортшының жетістіктері отандық спорттың дамуына зор үлес қосқанын атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, Рыбакинаның жеңістерінен кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, спорт секцияларына көптеп жазыла бастаған.
Өз кезегінде Елена Рыбакина Мемлекет басшысына қолдауы және Қазақстанда үлкен теннистің дамуына көрсетіп отырған қамқорлығы үшін алғыс білдірді. Теннисші Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын айтып, алдағы уақытта да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниетті екенін жеткізді.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаға III дәрежелі «Барыс» орденін табыстады.