Дикий Арманның анасы дүниеден озды

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
936

8 тамыз күні 2022 жылғы қаңтар оқиғаларында Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сотталған, Дикий Арман лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің анасы көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы оның жақын досы Нұржан Иманалиев әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

«Құрметті досымыз Арманның асыл анасы, тәте Роза өмірден өтті. Жалғыз ұлын ұзақ жылдарға соттаған ауыр кезеңдерді бастан өткерді. Бірақ ол анасынан теріс айналған жоқ», – деп жазды ол.

Нұржан Иманалиевтің айтуынша, Арман Жұмагелдиевтің анасы қайтыс болар алдында Қостанайдағы ұлын барып көрген. Осы кездесуден кейін жүрегі сыр беріп, ауруханаға түсіп, сонда жан тапсырған. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...